Размер шрифта:

30.10.2025 жылы «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында оқушыларды ертегі оқу арқылы сөздік қорларын дамытып, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 2-сыны

30.10.2025 жылы «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында оқушыларды ертегі оқу арқылы сөздік қорларын дамытып, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 2-сыныптардың сынып жетекшілері «Ертегі оқып өсеміз» атты сахналық қойылым ұйымдастырды.
Осы іс-шарада 2-сынып оқушылары көрермендерге «Бауырсақ» ертегісі желісі бойынша шағын қойылым қойды. Қойылымда оқушылар өз рөлдеріне шынайы кіре отырып,өздеріне берілген кейіпкерлерді өте тамаша бейнелеп шықты.
Шара соңында көрермендер оқушыларға қолдау білдіріп, алғыстарын айтып өтті.