“Balkhash STEAM Serpini” жобасы аясында Балқаш қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына арналған “Balkhash STEAM Stars” жобалар байқауыболып өтті.

“Balkhash STEAM Serpini” жобасы аясында Балқаш қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына арналған “Balkhash STEAM Stars” жобалар байқауыболып өтті.

     Байқаудың мақсаты – инновациялық педагогикалық қызметті ынталандыру, STEAM-білім беру саласындағы озық тәжірибелерді тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру өткізу тәртібін айқындайды.Біздің мектептен биология пәнінің мұғалімі Мухаметжан Гульнар Советкызы   «QR-кодпен танылатын өсімдіктер: AR/VR көмегімен цифрлық ботаникалық бақ»тақырыбында қорғап,«Үздік STEAM-жоба»номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.Жеңімпаз дипломмен,ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Физика пәні мұғалімі Ершаева Жулдызай Малдыбаевна «STEM кабинетінің сабақ үрдісіндегі рөлі» тақырыбын қорғап, «Жыл инновациясы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, Дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.