2025 жылдың 24 сәуір күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 9-сынып оқушыларымен «Емтиханға қалай дайындалуға болады?» тақырыбында психологиялық тренинг жаттығуын жүргізді.
2025 жылдың 24 сәуір күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 9-сынып оқушыларымен «Емтиханға қалай дайындалуға болады?» тақырыбында
психологиялық тренинг жаттығуын жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларға жағымды көңіл-күй орнату, алдағы емтихандарға қатысты өз сезімдерімен бөлісу.
Емтихан – бұл тек білімді ғана емес, сонымен қатар төзімділік пен сабырлылықты қажет ететін маңызды кезең. Дұрыс психологиялық дайындық оқушыларға өз мүмкіндіктеріне сенуге, қобалжуды жеңуге және өз білімдерін барынша тиімді көрсетуге көмектеседі.
Психологиялық дайындықтың негізгі элементтері – өзіне деген сенімділік, жағымды ойлау, уақытты дұрыс басқару, тынығу мен денсаулыққа мән беру. Оқушылар осы дағдыларды меңгеру арқылы тек емтиханнан ғана емес, өмірдегі түрлі сынақтардан да сәтті өте алады.
Сондықтан, ең бастысы – сабырлы болу, өз күшіңе сену және әрбір сәтті мүмкіндікке айналдыра білу. Емтихан – бұл мүмкіндіктің бір көрінісі ғана. Оқушылармен «Дұрыс бағыттағы қадам», «Кедергіден өту», «Ассоциациялар жаттығуы» тренингтер жаттығулары жүргізілді.Оқушылар жаттығудан алған алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.