9 желтоқсан күні 7-сыныптың қыз балалар арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дәріс оқылды.

9 желтоқсан күні 7-сыныптың қыз балалар арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дәріс оқылды.                                                                                      Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адамгершілік қасиеттерді сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Оқушыларға сұрақтар қойылып, кеңес берілді.Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар.Ата-анасы жәнеде басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық дамуына,денсаулығына,оның адамгершілік және имандылық қасиетті бойына сіңіруге ықпал етуі керек.Баланы тәрбиелеуде баланың адамдық қадір-қасиетіне дұрыс көзқараспен қарау керек.Зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін бірінші кезекте қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу бұл тек мемлекеттің ғане емес сонымен қатар қоғамда өмір сүрген әрбір азаматтың міндеті.Оқушыларға өз ойларын ортаға салды. Соңынан оқушыларға кеңес беріліп, жадынама таратылды.