Размер шрифта:

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінде мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 11-сынып оқушыларымен тренинг жаттығуын жүргізд

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінде мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 11-сынып оқушыларымен тренинг жаттығуын жүргізді.Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік-дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі.  Оқушылардың алаңдаушылық күйінің алдын алу, стреске қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылату, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды  дамыту, өзара жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Кедергіден өту», «Психикалық жүйке күйзелісін төмендету» әдістері, «Карусель»  жаттығулары жүргізілді. Оқушылар жаттығуға қызығушылықпен қатысты.