Президент жолдауына пікір

 

Пікір

 

       01.09.2021 жылы   Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын  жолдады.Жолдауында Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болғандығын атап өтті.

       Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Жолдауда Тәуелсіздігіміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз туралы айтып, біртұтас тұғыры мығым, биік ел болу үшін тынымсыз ізденіп, тыңбай еңбектену қажет екенін баса айтты. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз.

     Мемлекет соңғы уақытта әлеуметтік мәселелерге жиі көңіл аударып жатыр. Оның ішінде зейнетақы, жалақы мен түрлі жәрдемақы да бар. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі. Өте жақсы бастама, оның үстіне үлкен қалаларда тұрғын үй мәселесі өткір. Сонымен қатар қарапайым халықты толғандыратын басты мәселе - азық-түлік бағасымен, келешекте 800 мектептің орнына 1 мың мектеп салу керектігі айтылды.

      Сондай-ақ еліміздегі  жер-жаһанға зор қауіп төңдірген пандемияға қарсы күрес әлі жалғасуда. Президент Пандемия кезіндегі қашықтан оқытудың салдары білім саласындағы түйткілді мәселелерді  көрсетіп берді. Үкіметке осы мәселеге жіті назар аударып, шешімін табуды тапсырды. Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздегі жетекші ғалымдарға жалақы төлеу мәселесін де шешу қажет екендігін айтылып, ғылым саласын дамытуға басымдық беруді тапсырды. Еліміз үшін бұл жолдаудың маңызы зор деп есептейміз.