Размер шрифта:

«Толеранттылық -бейбітшілікке апаратын жол»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім берудің дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Толеранттылық -бейбітшілікке апаратын жол» атты құқықтық сауаттылық апталығында 5-11 сыныптар арасында 11 А сыныбы «Құқықтық сауаттылық дегеніміз не?» тақырыбында апталықтың ашылуына арналған саптық жиынын өткізді. Жиын барысында құқық пәнінің мұғалімі құқықтық сауаттылық апталығының басталғаның,құқықтық сауаттылықтың мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып,бүгінгі күні қоғамда құқық бұзушылықтың көбірек орын алып отырғандығын айта келіп,азаматтардың құқықтық мәдениеттілігі мен сауаттылығын дамытуға баса назар аудару қажеттілігіне тоқталды. Саптық жиын соңында апталық жоспармен таныстырылып,оқушылардың іс-шараға белсене қатысуы шақырылды.

https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.922838618541026/922838385207716