Өз тіліңді құрметте!

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі.
Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз.Мектебімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақша сөйлесу мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге қызықтыру әрі тілді меңгерген адамдарды қолдау мақсатында «Ақылдың көзі – аталы сөз», «Өз тіліңді құрметте» атты мақал-мәтел, қанатты сөздер жаттау челленджі өткізілуде.