«Тәрбиелік жайлы сөйлесейік»
«Тәрбиелік жайлы сөйлесейік» атты тақырыпта 7-9 сыныптар арасында бейнежазбалар таратып, эстетикалық -этикалық тәрбие туралы оқушылармен ой бөлісті. Қазіргі ең алдымызда тұрған міндеттердің ең маңыздысы - оқушыны жан – жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй ішімен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды.