«Кішкетай азаматтардың үлкен құқықтары»

  Мектебіміздің   кітапханашылары 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында «Кішкетай азаматтардың үлкен құқықтары» атты танымдық сағат ұйымдастыры.Кітапханашы З.Шайбекова оқушыларды « Балалар құқығы» туралы халықаралық Конвенциясымен таныстырып, өз міндеттері мен құқықтары                 туралы  мағұлматтар айтып өтті. Сонымен қатар іс-шара барысында оқушылармен  «Заңгер кеңесі» атты ойын ұйымдастырып, заң туралы білімдерін толықтыра түсті.Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жарыса жауап беріп отырды.