Наурыз 2026
18-03-2026 14:35
Наурыз 2026

Отаныма көктем келді,

Күннің көзін ертіп келді.

Құстар әндерін шырқайды,

Балалар қуанады.

Далада гүлдер жайнайды,

Бақшада бұлбұл сайрайды.

Өзенде балық жүзеді,

Балалар қуанады.

 

Көктем келіп, жер көгеріп

Дала ғажап тұрды енді

Ауламыз да, алмамыз да,

Құлпырды да гүлдері.

 

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем келді шуақты!