Ата-аналарға арналған диагностикалық шағын сауалнама
11-12-2025 10:35
Ата-аналарға арналған диагностикалық шағын сауалнама

Мақсаты: үйде баланың эмоционалдық интеллектінің даму ерекшеліктерін анықтау; педагог мен отбасының бірлескен жұмысының бағыттарын анықтау.

Құрметті ата-ана! Балаңыздың мінез-құлқына көбірек сәйкес келетін нұсқаны ескере отырып, сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз. (Белгілеңіз: Иә / Кейде / Жоқ)

Сұрақ

Иә

Кейде

Жоқ

1

Балаңыз өз сезімін қалай айту керектігін біле ме (мысалы, «мен ашуланамын», «мен қуанамын»)?

 

 

 

2

Ол басқа балалар жылағанда немесе қиналғанда оларға жаны ашиды ма?

 

 

 

3

Ол басқа балалардың, достарының жетістіктеріне қуана ма?

 

 

 

4

Ол егер ашуланса, сіздің көмегіңізсіз тыныштала ала ма?

 

 

 

5

Баланың өз қателіктерін айтудан қорқатынын байқайсыз ба?

 

 

 

6

Балаңыз басқа балалармен оңай байланыста бола ма?

 

 

 

7

Ойыншықтарымен, тәттілерімен, заттарымен бөлісе ме?

 

 

 

8

Мінез-құлқымен емес, өтінішті сөзбен жеткізе ала ма (мысалы, үндемей ренжу)?

 

 

 

9

Бала өз қалауы мен уайымы туралы айта ма?

 

 

 

10

Бала басқа адамдардың көңіл-күйіне қызығушылық таныта ма («Мұңайып тұрсың ба?», «Көңілдісің бе?»)?

 

 

 

 

Нәтижелерді интерпретациялау:

8–10 «Иә» – эмоционалды интеллекттің дамуының жоғары деңгейі.

5–7 «Иә» – орташа деңгей, жекелеген аспектілерде қолдау қажет.

4-ке дейін «Иә» – төмен деңгей, эмоцияық саланы дамыту үшін жүйелі жұмыс қажет.

Ата-аналарға ұсыныстар

  • Балаңызбен ертегілер, мультфильмдер, өмірлік жағдайлар кейіпкерлерінің сезімдері мен эмоцияларын жиі талқылаңыз.
  • Эмоцияларды іс-әрекетпен емес, сөзбен жеткізу қабілетін қолдаңыз.
  • Эмпатияға, ризашылыққа, басқаларға қамқорлық жасауға шақырыңыз.
  • Өз эмоцияларыңызды балаңызбен бөлісіңіз: «Мен бүгін қуаныштымын, өйткені...».