17.10.2025 жылы Шахтинск қаласы, КМҚК «Ботагөз» бөбекжайында
17.10.2025 жылы Шахтинск қаласы, КМҚК «Ботагөз» бөбекжайында
«Баланың қасында психолог эмоциялар мен қарым-қатынас әлеміне бағыттаушы ретінде» педагогтарға арналған облыстық семинар-практикум» өтті. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиешілер мен мамандар өзара тәжірибе алмасып, инклюзивті білім беру, балалардың психологиялық дамуы және жаңа әдістемелерді қолдану бойынша пайдалы ақпарат алды.Семинар шығармашылық атмосферада өтіп, кәсіби шеберлікті арттыруға үлкен септігін тигізді. Семинар әрқайсымызға тың идеялар мен шабыт сыйлады.
