Размер шрифта:
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығы
22-07-2026 12:37
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығы

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің педагогтерді аттестаттау рәсімін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - пилоттық жоба) іске қосылсын.

2. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны өткізу тәртібібекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті мыналарды қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізуді.

4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді, жариялауғажатады және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

М. Мелдебекова

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің м.а.

2026 жылғы 5 маусымдағы

№ 157-НҚ бұйрығымен

бекітілген