Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
17.04.2025ж. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында халықтың ерлік тарихы мен оның батырлығын есте сақтау, соғыс алаңында шайқасқан және тылда еңбек еткен жандарға құрмет көрсету, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа, ізгілікке баулу мақсатында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тарихи тағылымы зор кітап көрмесінде батырларымыздың ерлікке толы өмір жолдары, Отанына деген шексіз табандылық пен қатал соғыста жеңіске жеткен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаһармандық жолын бейнелейтін шығармаларымен оқушылар танысты.