1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, достық – басты байлық ел үшін» атты әдеби- тағылымдық кездесу өтті.
25-04-2023 09:58
 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, достық – басты байлық ел үшін» атты әдеби- тағылымдық кездесу өтті.

25.04.2023ж.Көпұлтты еліміздің халықтар достығы – елдің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту,әр халықтың өнерін, дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, достық – басты байлық ел үшін» атты әдеби- тағылымдық кездесу өтті. Көп ұлтты қаламызда ынтымақтастық бірлікте, татулықта тұрып жатқан татар ұлтынан Залялова Фарида Салимжановна, кәріс ұлтынан Тен Роман Владимирович, Арипжанова Алия Сериктаевна отбасымен, орыс ұлтынан Кочубей Галина Станиславовна баласымен қатысты. Іс-шараны мектеп-лицейдің «Шабыт» домбыра оркестрі «Ерке сылқым» күйімен ашып, білім ордасының басшысы А.Т.Токейбекова қонақтарды, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Үгіт-насихат тобы ұлттар достығы жайлы өлеңдерін тебіреніспен жеткізіп, оқушылардың сұрақтарына қонақтар сүбелі жауаптарын берді. Жиналғандар бір шаңырақ астында «Бірлігіміз жарасқан» мерекелік әнін орындады.