10.04.23ж. Өлкеміздегі қаламгерлердің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұтып, оқушылардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында халықтың рухани мұратына қызмет етіп келе жатқан жазушы, ақынға арналған «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты халықаралық кітап апталығы және қаламыздың туған күніне орай әдеби- тағылымдық кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Төкен Әлжантегі, ақын, сазгер, журналист, жергілікті «Балқаш өңірі» газетенің жауапты тілшісі Қуандық Саденов қатысты.
«Қаламгерлер жайлы бірер сөз» айдарында ақын-жазушылардың өмір жолы, шығармашылығы жайлы экранда ақпарат көрсетілді.
Асхат Игембековтың орындауында Төкен Әлжантегінің Балқаш қаласының туған күніне орай жазған «Балқаш вальсі» әні шырқалды.
Бабалар рухымен сырласып, ел мен жерге, табиғат ғажайыптарын шынай сезіммен жырлай білген Қуандық Саденовтың сұлу көктемге арналған «Көктем суреттері» өлеңін 2 В сынып оқушылары тебіреніспен айтты.
Мектеп-лицейішілік «Жас өркен жастар медиасы» жас тілшілері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сүбелі жауаптар алды.
11 сәуір көкше көлдің көкжиегінде орналасқан мысты, ырысты өлкеміздің туған күні. Қаламыздың туған күніне орай Қуандық Саденовтың «Ару Балқаш» әнін қатысушылармен бірге шырқады.