"Кітап-менің Өмірім"
20-02-2023 16:27
          "Кітап-менің Өмірім"
 (С.Сейфуллин атындағы кітапхананың 60 жылдығына.
Әні бар)
Әліппеден бастап сені қолға алдым
Әріптерді қосқан сайын толғандым,
Ұлы-Кітап бір өзіңнің күшіңмен
Дүниенің ғажабына таң қалдым.
Жан досым - кітап менің ән-жырым
Жан досым - кітап менің мұң-сырым
Кітап менің - серігім,
Кітап менің - көңілім
Кітап менің - өмірім.
Кітапхана болды менің сенерім,
Сенде жүріп ашылды сан өнерім,
Анамнан соң өмір жолын ұғуға
Кітапхана саған-ғана келемін.
Қайырмасы.
XI.1999 ж.