2022 жылдың 13 қазан күні 9,10 сынып оқушыларына «Жеке тұлғаның құқықтың мәдениеті» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту; түрлі өмірлік жағдайларда құқықтық білімді қолдануға үйрету.
Ювеналды Полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы құқықбұзушылықтың алдын алу барысында құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында бос уақытты тиімді пайдалану қажеттілігі жайлы кеңестер беріп, қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп өтті.
Учаскелік полиция инспекторы Жукин Ерсін Мадиұлы оқушыларға жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті құқықты біліп, түсініп және құрметтеп, оның ұйғарымдарын саналы түрде орындауы қажеттілігі жайлы ақпарат берді.