06.10.2022 ж. Ел тарихында қайталанбас тұлға, қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуына үлес қосқан дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай өмірі мен шығармаларын оқу мақсатында, «Даналы
07-10-2022 12:27

06.10.2022 ж. Ел тарихында қайталанбас тұлға, қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуына үлес қосқан дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай өмірі мен шығармаларын оқу мақсатында, «Даналықтың бейсенбісі» жобасы аясында «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты кітапхана кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен ақпараттық-танымдық сағаты өтті.
Оқушылар Сәкеннің сұлу жырларын мәнерлеп жатқа айтса, С.Сейфуллин атындағы №1 филиалының кітапхана меңгерушісі М.Қ.Утепова ұлы ақынның жаңа кітаптарымен таныстырды. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясыгың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қ.Шәрбекова туған жерінде болғандығы жайлы әңгімелеп, зерттеуші қаламгер Амантай Кәкеннің «Сәкен жолы» деректі қолжазбалар кітабын кітапхана қорына сыйлады, осы мектептің 10 «Ә»-сынып оқушысы Құрмаш Аружан Астанада С.Сейфуллин музейінде болып ұлы тұлғаның өмір жолымен шығармашылығы жайлы тың деректермен қызықты ақпараттармен бөлісті. Мектеп-лицейіміздің 11Ә сынып оқушысы Көрпетай Ертай дауылпаз ақынға арнаған арнауын оқыды.