"Кітап әлемінде" атты онлайн кездесу
10-06-2022 11:14

02.06.2022 ж. Оқушыларды өңірлік ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстырып, ақындардың өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында «Кітап әлемінде» атты онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Әр өңірде ел ықыласына бөленіп, көптің батасымен көгеріп жүрген, көргені мен түйгені көп ақындар аз емес. «Ақынын ұлықтаған ел бақытты» жергілікті ақындар Нұрдос Кәрім, Қуаныш Аманқұлов, Қуандық Сәденов ақындарымыздың өмірі мен шығармашылығы біздерге үлгі-өнеге.
Кездесу барысында «Жас өркен» жастар медиасының жас тілшілері ақындарға сұрақтар қойып, ақын ағаларымыздың әр тақырыпта жырлаған өлеңдерін - Қуандық Сәденовтің «Жан әке», Тұрсынбек Еркежан - 7 «Б» сынып оқушысы, «Аяулы Жәмші мекенім», Бөлегенқызы Бота - 7 «Б» сынып оқушысы, «Киелісің, домбыра», Аманбек Ильдар - 6 «А» сынып оқушысы, Қуаныш Аманқұловтың «Көктемді сүйіп қал, гүлі бар», Ораз Жанкелді - 9 «В» сынып оқушысы, Нұрдос Кәрімнің «Әлихан монологы», Уаш Нұрасыл, Жақсыгелді Мансұр - 5 «Б» сынып оқушылары, Жанболат Башардың «Балқашым-байтағым», Ералы Әбдімәлік - 5 «В» сынып оқушысы оқыды. Кездесуге мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері, қала кітапханашылары қатысты. Ақын ағаларымыз оқушыларға жазғы демалыста көркем шығарма оқуға кеңес беріп, кері байланыс орнатылды.