«Оқулықты күтіп ұста!» акциясы
Оқулықты күтіп ұстау - әр оқушының парызы. Жыл басында берілген оқулықтың номері бойынша түгендеп, жыртылған жерлері болса желімдеп, сызылған, шимайланған жерлерін өшіріп, түзету мақсатында мектеп-лицейде 2 мамыр - 16 мамыр аралығында «Оқулықты күтіп ұста!» акциясы ұйымдастырылды. Мектеп-лицей оқушылары акцияға қатысып, оқулықтарын реттеп, кесте бойынша өткізуге дайындауда.
Белсене қатысқан сыныптар: 1 «Г», 3 «Б», 4 «Ә», 6 «В», 5 «Б»