"Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбы бойынша учаскелік ювеналды полиция инспекторы, аға лейтенант Нұрбек Аян Алтайұлымен және полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановнамен мектеп-лицейімізің 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға жаман әдеттерден аулақ болуға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға кеңестер берілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың белгілерімен, жасөспірімдердің құқықтары, міндеттерімен таныстыру. Сондай-ақ, электронды темекінің зияны, оны тартқаны жөнінде фактілер тіркелген жағдайда қандай шаралар қолданылатыны туралы мәселелер айтылды.
Жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері анық.
"Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет"