Мектеп-лицей кітапханасы
Мектеп-лицей кітапхана қызметінің мақсаты: оқушыларды кітап оқуға баулу, оқулықты құрметтеуге, таза ұстауға дағдыландыру, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, «Оқуға құштар мектеп» жобасының жұмысын жалғастыру, күнделікті «Жиырма минут кітап оқу» сағатын ұйымдастырып, жүзеге асыру.
Міндеті:
- Оқушылардың танымдылық қабілеттері мен қызығушылығын кітап оқу арқылы дамыту;
- Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, оқулықтарды күтіп ұстауға, жыл аяғына дейін жақсы дәрежеде өткізу үшін бақылау шараларын ұйымдастыру;
- Ақпараттық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұйымдастыру;
- Кітап қорының жұмыс қалпын сақтау;
- Мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, мектеп педагогикалық ұжымымен бірлесе кітапханамен жұмыстар жүргізу;
- Оқушыларға отандық және шетел әдебиетінің құндылықтарын ұғындыру;
- Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқушы дарынын жетілдіру үшін қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
2021-2022 оқу жылында 1-11 сынып оқушылары 100% оқулықтармен, 1 сыныптар жаңа мазмұндағы оқулықтармен қамтылды. 121 оқушыға 1 қыркүйек күні салтанатты жиында «Әліппе» (Авторлары: Ә.Жұмабаева, Н.Құрман, Б.Сабденова, «Атамұра» баспасы) таратылды. 3 сыныптарға 125 дана «Цифрлық сауаттылық» (Авторлары: Р.Қадырқұлов, Ә.Рысқұлбеков, Т.Лихобабенко, Алматыкітап баспасы) оқулығымен қамтылды. 7 сыныптарға 110 дана «Информатика» (Авторлары: Р.Қадыркулов, А.Рыскулбекова, Г.Нұрмұханбетова, Алматыкітап баспасы) оқулығымен қамтылды.
8 сыныптарға 95 дана «Информатика» (Авторлары: Р.Қадыркулов, А.Рыскулбекова, Г.Нұрмұханбетова, Алматыкітап баспасы) оқулығымен қамтылды. Оқулықтар баспалары: «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», Арман-ПВ, "Бобек", "Express Publishing". 2021-22 оқу жылында барлығы бюджет есебінен алынғаны (оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар, көрнекіліктер, жұмыс дәптерлері, электронды оқулықтар - 3404 дананы 5125978 теңгеге алынды.
Мектеп кітапханасы оқу процесін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін білім беру ұйымындарының маңызды құрылымдық бөлімшесі, сондай -ақ білімді, рухани және интеллектуалды қатынасты, мәдениеттті тарту орталығы болып табылады. Осы мақсатта кітапханада мектеп-лицей жоспарына сәйкес іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.