Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті 2021 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық айлығын жариялады.
Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 28.10.2021 күні «Құқығым бар» бала құқықтары туралы конвенция негізінде онлайн семинар өтті.
Онлайн семинардың басты мақсаты - оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге және өмірде қолдана білуге бағыт-бағдар беру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Сонымен қатар, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Онлайн семинарға 9-11 сынып оқушылары қатысты. 10 «Ә» сынып оқушылары – Жәңгір Болатхан мен Тілектес Бекжан өздері дайындаған баяндамаларын оқып, қатысушыларды «Бала құқықтары туралы конвенцияның» фундаменталды идеяларымен таныстырып өтті.
«Құқығым бар» бала құқықтары туралы конвенция негізінде онлайн семинар