"Боламын ақын Қасым әлі де мен, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген"
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақтың, хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай өтіп жатқан "Боламын ақын Қасым әлі де мен, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген" атты өлеңдерін оқу челленджін Балқаш қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдер қауымынан қабыл алып, Балқаш қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебіне жолдайды.
Өртке тиген дауылдай, рухты, дәулетті сезімге толы өршіл өлеңдері – әр ұрпақтың көңіл серігі бола алатын, мейлінше жағымды, лепті, күйлі, сыршыл поэзиясы - ұзақ жасайтын поэзия.