«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» 5-6 сынып оқушыларымен кездесу сағаты туралы мәлімет
05.10.2021 ж.күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында кездесу сағаты өтті. 5-6 сыныптың оқушыларымен Балқаш қалалық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановна және аға лейтенант Абенов Бахтияр Абильевич кездесті. Дәріс жүргізу барысында жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, мектептің ішкі тәртіп талаптарын орындау, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінен мәліметтер мен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпарат берді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Барлық санитарлық талаптар сақталды.