«Балалар түнгі қалада» қалалық рейд ақпары.
19-10-2021 11:13
«Балалар түнгі қалада» қалалық рейд  ақпары.

   2021 жылы 11 қыркүйекте «Балалар түнгі қалада» жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылау, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қараусыз, сабақты жиі босататын, жағдайы төмен отбасындағы балаларға кешкі рейдтік іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға мектептің ер мұғалімдері қатысты.

       Түнгі сағат 21.00-23.00 аралығында Шашубай мөлтекауданы, Қараменде би, Ш.Уәлиханов көшелерін  және "Космос" тойханасына, "Бақыт","Алтын шаңырақ" т.б. кафелеріне, авто жуу кешендері, жанар май бекеттеріне, саябақтарға рейд жүргізілді. Рейд қорытындысы бойынша бекітілген мөлтекауданда тәртіп бұзушылығымен көзге түскен, көшеде бейберекет жүрген оқушы болған жоқ.