14.05.2021 ж. күні Балқаш қаласы бойынша ОП жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы мектеп-лицейде кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және кәмелетке толмағандардың қауіпті әлеуметтік орта жағдайын алдын-алу және жою жұмыстары бойынша қолайсыз отбасыларда «өгей әке» тәрбиесінде тәрбиеленуші оқушылардың өгей әкелермен кездесу өткізді.
Мектеп-лицейде «өгей әке»статусымен тұратын оқушылар саны-16, отбасы саны-14. Отбасындағы балалардың тәрбиесімен айналысатын ата-аналардың жауапкершілігін анықтау, бақылау мақсатында мектеп-лицей инспекторы Нұрбек А.А. әр оқушының өгей әкелерінен жазбаша түсініктеме алды. Түсініктеме мазмұнында отбасы бірлігі, татулығы, неке түрі, отбасындағы өзгенің және өз балаларына бірдей көзқарасы, күнкөрісі, үй-жайы, жұмысы, тәртіп бойынша есепте тұрмағаны немесе есепте тұрғанын анықтау, баланың анасының туысқандарымен қарым-қатынасы туралы толық ақпарат алынды.