✅12.02. 2021 ж. күні Балқаш қаласы ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Нурбек Аян Алтайұлымен, мектеп-лийей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 5-10 сынып оқушыларымен zoom платформасында кездесу өтті. Бүгінгі күні құқықтық тәрбие беру және оның алдын алу жоғары сынып оқушылары үшін өте маңызды.
Күн тәртібінде мектеп-лицей оқушыларына «Ата-аналардың балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттері үшін жауапкершілігі; 14-жасқа толған кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; Балаларға қатыгез қарым-қатынас үшін жауапкершілік; Балалар агрессиясы, оның себептері мен салдары; Ішімдік өнімдері мен есірткі заттарын қолдану үшін жауапкершілік; Оқушылардың қашықтан оқу кезінде 4-5 күн онлайн сабақтарға қатыспау әрекеттерін анықтау және оқушы мен ата-ананың жауапкершілігі; Әлеуметтік нормалар және бейәлеуметтік мінез-құлық (қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік); Отбасында отырған балалардың жоғалып кетуі: мәселені шешу жолдары; отбасындағы тұлғаның қоғамдық және құқықтық жағдайы» тақырыптарына тоқталып ескертулер жасап, шешу жолдарын ұсынып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық мәліметтер айтылды.