«Экология-өмір өзегі»
Адам- табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.Табиғат сырын терең танып ,табиғатпен етене болған сайын өмір сүруге қолайлы мүмкіндіктердің де молая түсетіні белгілі. Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы өзекті мәселе. Қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-тендіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі.Осы мақсатта «Экология-өмір өзегі» тақырыбында мектеп-лицейінің төменгі сынып оқушыларына виртуальді кітап көрмесі таныстырылып, қаланың экологиясы жайлы ақпараттар берілді.