«Мәңгілік елдің бірлігі-бекем»
28-04-2021 13:04
 «Мәңгілік елдің бірлігі-бекем»

Жарқын, шуақты мереке 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығының, тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерінің бірлігінің мерекесі. Осы мақсатта мектеп-лицейімізде «Мәңгілік елдің бірлігі-бекем» тақырыбында ақпараттық-танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары Тұрғанбай Аяулым, Серікпай Даяна, Нұрлыбек Ерсін, Мұқажан Мирас, Рашидұлы Мұса ұлттар достығы жайлы өлең оқып, кері байланыс орнатты.