«Бір өкініш, бір үміт»
Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған заманда да бәрінің бастау алар көзі кітап. Ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру мақсатында 23.04.21 күні 3-5 сынып оқушыларының арасында тәрбиелік мәні зор, ертегілер, аңыздар, көркем әдеби шығармалар жайлы оқушылар ой-бөлісті. Әсіресе 5 «Б» сынып оқушысы Оразханова Нұрайым өзі оқып жатқан «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында
Бексұлтан Нұржекейдің «Бір өкініш, бір үміт» кітабы бойынша оқушыларды қызықтырып, кітабы жайлы ой бөлісті.