15.04.21 күні Оқушылардың рухани құндылығы мен адами құндылығын мол етіп тәрбиелеу жолдарының бірі және бірегейі-кітап оқуға әуестендіру мақсатында 6-8 сынып оқушыларының арасында ұлттық тәрбиелік мәні зор кітаптар жайлы «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 8 «Ә» сынып оқушыларынан Әлибаева Гульнур, Әмен Әлібек, Ибрахим Аят Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек», , 6 «Б» Сегізбай Алан, Баярстанова Камила, Төлеуғазы Дияр, Тұрсынбек Еркежан Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Қауасқан Мирас «Том Сойердің басынан кешкендері», кітаптарын оқыса, 6 «В» сынып оқушылары Бектеміров Мейрлан, Мұстафа Нұрайым, Ракишева Аружан, Сапарбек Тәңірберген, Ғабдулманат Мирас, Айтқазы Даяна, М.Әуезов «Абай жолы», Ә.Бөкейхановтың, Ы.Алтынсариннің шығармаларын және Қ.Аманжоловтың «Дариға, сол қыз», Н.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» , М.Мақатаевтың «Аманат» жыр жинағын жайлы өз ойларымен бөлісіп пікірлесті.