"Салт-дәстүр - рухани құндылық"
17-03-2021 09:33

Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан Наурыз мейрамының ерекшелігі зор. Өйткені ол - біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы санасына, салтына әбден енгізген байырғы мейрам. Ұлтымыздың рухын көтеріп, салт-дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жарқырата көрсету бүгінгіге мерей, ертеңгіге тағылым. Осы мақсатта Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Ұлыстың ұлы мерекесіне орай ұйымдастырылған "Салт-дәстүр - рухани құндылық" кітап көрмесінде Наурыз мейрамына қатысты танымдық материалдар, рухани құндылығымызды дәріптейтін ақпараттар топтастырылған.
Әдеби кітап көрмесінен мол мағлұматтар алғыңыз келсе, Наурыз мерекесі жайлы тереңірек білгіңіз келсе, кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

@balkhash_mektep15 в Instagram: «Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан Наурыз мейрамының ерекшелігі зор. Өйткені ол - біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы санасына…»