✅Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту күні мерекесі – бір шаңырақ астындағы ұлттардың бірлігі мен достығының жарқын белгісі.
✏️Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын 1-наурыз - алғыс айту күніне орай «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» тақырыбында ақпараттық-танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрамның үлесі зор. Мектеп-лицейіміздің оқушылары Арманжанқызы Ж., Абилкаиров А., Асанова Ә., Абылкаирова Ж., ұстаздарға, ата-аналарға, достарына рақмет сөздерін арнап, бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.