Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ
Кезекші сыныптарда оқитын оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы ақпарат
Мектеп-лицейімізде 2020-2021 оқу жылының 1 ақпанында мектеп оқушылары үшін ұйымдасқан түрде асхана жұмысы басталды.
Жеке кәсіпкер Унанян Лусик Левоновна алғашқы жұмыс күнін
өзінің қызметкерлерімен бірлескен түрде ұйымдастырып, оқушыларға ыстық тамақ дайындады.
Қарағанды облысы білім басқармасы жалпы мектеп оқушылары үшін екі апталық ас мәзірін дайындап ұсынған. Ұсынылған перспективті ас мәзірі бойынша оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды.
«Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қорынан 12 аз қамсыздандырылған және 3 қамқорлықтағы оқушыларға, 1 сыныптың 114, 2 сыныптың 89 кезекші сыныпта оқитын оқушыларына тегін ыстық тамақ берілді. Оқушылар асханада аптаның бірінші күніне арнайы әзірленген ас мәзірі бойынша ас ішті.
Асханаға санитарлық талаптарды ескере отырып, 1,2 сынып оқушылары 10 минут сайын 13 немесе 11 оқушыдан кезектесіп кіріп отырды. Асхананың үстелі жеткілікті, әр үстелге 4 оқушыдан отырғызылып , ара қашықтық сақталды.