"Жырым қалсын жанымның ұшқынындай..."
09.02.21 бүгін Мұқым елдің мұзбалағы атанған поэзия пайғамбары Мұқағали Мақатаевтың тірі болса 90 жасқа толар еді. "Жырым қалсын жанымның ұшқынындай..." атты поэзияны қадірлейтін, ақындыққа жақын 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен поэзия сағаты өткізілді. Іс-шараға қала мектептерінің кітапханашылары, А.Гайдар атындағы балалар кітапханасының қызметкері Д.Д.Мұқаева жанына жақын Мұқағали ақынның «Майгүлге» өлеңін тебіреніспен оқыды. Білім ордасының басшысы Қарлығаш Шәкәрімқызы ақиық ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайлы тағылымды ойымен бөлісті.