Бүгін мектебімізде маңызды тәрбиелік іс-шара өтті. 2026 жылғы 10 сәуір күні «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған телебайланысқа 9–11 сынып оқ
15-04-2026 09:31
Бүгін мектебімізде маңызды тәрбиелік іс-шара өтті. 2026 жылғы 10 сәуір күні «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған телебайланысқа 9–11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер үшін маңызды тақырыптар — есірткіні жасырын тарату қаупі, интернет-алаяқтық, дропперлік, буллинг және кибербуллинг мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараның ерекшелігі — өмірде қателік жіберіп, кейін өкініш білдірген азаматтардың шынайы оқиғалары оқушыларға ой салып, дұрыс таңдау жасауға бағыт берді.
Осындай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.