Мектебімізде Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа саяхат» тақырыбында 1–4 бастауыш сынып оқушылары арасында макеттер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру және ғылымға деге
Мектебімізде Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа саяхат» тақырыбында 1–4 бастауыш сынып оқушылары арасында макеттер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру және ғылымға деген ынталарын ояту болды. Шара барысында оқушылар өз қиялдарынан туған ерекше макеттерін ұсынып, ғарыш кемелері, планеталар, зымырандар мен ғарыш станцияларының үлгілерін жасады.
Қатысушылардың жұмыстары ұқыптылығымен, ерекше идеяларымен және көркем безендірілуімен ерекшеленді. Әр сынып белсенділік танытып, өзара бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, оқушылар І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.