Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы ​2026 жылдың 27 наурыз күні жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.М.Карабаева қатысты. Күн
30-03-2026 09:54
Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің әдістемелік
бірлестігінің отырысы
​2026 жылдың 27 наурыз күні жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.М.Карабаева қатысты. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша пәндердің сапасы туралы; ІІІ тоқсан бойынша БЖБ, ТЖБ нәтижелеріне сараптамалық талдау; БТС тест қорытындысы бойынша жүргізілетін жұмыстар және әр түрлі мәселелер. Бірлестік отырысы ІІІ тоқсанның сапасын талдаудан басталды. Әр пән бойынша мұғалімдер сапасы түскен сыныптарға тоқталды. Түсу себебі мен оны жою жолдары айтылды. БЖБ, ТЖБ нәтижелеріне талдау жасалды. БТС тест қорытындысы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.М.Карабаева тест қорытындысына тоқталды. Сол қорытынды барысымен екі алған оқушылармен жұмыстар жүргізіп, алдағы уақытта жақсы көрсеткішке жетуге жұмыс жасау керектігін айтты.