7 «А» Жас сақшы сыныбына патрульдік полиция капитандары Егенберді Нұрсұлтан Ерғалиұлы, Қайратов Төлеген Қайратович, Жаманкөз Ағыбай Арманұлы келіп, оқушылармен жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мамандар оқуш
02-03-2026 09:42
7 «А» Жас сақшы сыныбына патрульдік полиция капитандары Егенберді Нұрсұлтан Ерғалиұлы, Қайратов Төлеген Қайратович, Жаманкөз Ағыбай Арманұлы келіп, оқушылармен жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білім деңгейін анықтап, жаяу жүргіншілердің және велосипед жүргізушілерінің міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жол белгілерінің маңызы, жолдан өту тәртібі және қауіпсіздік шаралары туралы нақты мысалдар келтіріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.