Размер шрифта:
Мектебімізде «Үлгерімі төмен оқушыны алға қалай жылжытамыз?» тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған воркшоп өтті.
02-03-2026 09:32
Мектебімізде «Үлгерімі төмен оқушыны алға қалай жылжытамыз?» тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған воркшоп өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқу үлгерімі төмен оқушылармен тиімді жұмыс жүргізудің жолдарын қарастыру, мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және заманауи педагогикалық тәсілдерді талқылау болды.
Воркшоп барысында қатысушылар:
үлгерімі төмен оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін талдады;
оқу мотивациясын арттыру әдістерімен танысты;
саралап оқыту мен жеке қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерін қарастырды;
тәжірибелік тапсырмалар орындап, топтық жұмыстар жүргізді.
Мұғалімдер нақты кейстерді талқылап, проблемалық жағдайлардың шешу жолдарын ұсынды. Әсіресе оқушының өзіндік сенімін қалыптастыру, ата-анамен бірлескен жұмыс және қалыптастырушы бағалаудың маңызы ерекше атап өтілді.
Воркшоп қорытындысында педагогтер алдағы уақытта үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі, нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу бойынша ортақ шешімдер қабылдады.
@umckrg @balqash_qbb