Мектепте 8–9 сынып оқушы қыздары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
26-01-2026 09:13
Мектепте 8–9 сынып оқушы қыздары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелері, ардагер ұстаздар, Жастар орталығының өкілі және мектеп директоры қонақ болып қатысты. Кездесу барысында қыздармен ашық әңгіме өрбіп, тәрбиелік бағыттағы тренингтер мен ойындар өткізілді. Қатысушылар өмірлік құндылықтар, өз-өзіне сенім, болашаққа мақсат қою тақырыптарында ой бөлісті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Іс-шара қыздардың белсенділігін арттырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.