09.01.2026ж. күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қысқы мектеп аясында «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер арасында білім беру үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: ЖИ элементтерін енгізе отырып, мектепалды жастағы барлық балалардың, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық, тілдік, әлеуметтік-эмоционалдық, тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Семинарға мектебіміздің даярлық мұғалімдері қатысты.Семинар-практикум барысында «Тең мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мектеп психологы Абдуалиева З.Н. келген қонақтармен танысу мақсатында түрлі тренинг-жаттығулар жасатып, жақсы көтеріңкі көңіл-күй орнатты. Куанышбекова Э.Х. мен Алгадаева П.Б. «Мектепалды даярлық сыныптарда жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын жасанды интеллекттің ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдануға тиімді құралдары: Quiver, Suno Ai, Viggle Ai, Gemini Storybook, т.с.с. туралы айтты. Жасанды интеллектің бес білім беру саласымен байланыстыруға болатыны жөнінде мысал келтіре отырып, тәжірибелік тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті. Семинар-практикум соңында, білім бөлімінің әдіскері Кожаева Б.К сөз сөйлеп, педагогтер семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсынылған әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын атап өтті.
09.01.2026ж. күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қысқы мектеп аясында «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер арасында білім беру үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбынд