Размер шрифта:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, сондай-ақ «Әжелер мектебі» жобасы негізінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Әжелер – асыл қазына» атты тағылымы терең, тәрбиелік маңызы зор байқау өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – жас
05-01-2026 22:59
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, сондай-ақ «Әжелер мектебі» жобасы негізінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Әжелер – асыл қазына» атты тағылымы терең, тәрбиелік маңызы зор байқау өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерін сіңіру, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрді жаңғырту, әжелердің өмірлік тәжірибесі мен тәрбиелік өнегесін өскелең ұрпаққа үлгі ету, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында әжелер ұлттық тәрбиеге қатысты тағылымды ойларын ортаға салып, салт-дәстүр, өнер, қолөнер, өнеге бағытындағы түрлі кезеңдерде өздерінің даналығы мен шеберлігін көрсетті. Байқау мазмұны бай, тартысты өтіп, күшті сайысқа ұласты.
Аталған іс-шара «Әжелер мектебі» жобасы арқылы отбасы тәрбиесінің маңызын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды жас буынның санасына сіңіруге зор үлес қосты. Көрермендерге рухани әсер сыйлаған бұл байқау тәрбиелік мәні жоғары, тағылымды шара ретінде есте қалды.
@umckrg @balqash_qbb @karlygash_dsh