«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жобаларын іске асыру мақсатында 2025 жылдың 11-желтоқсан күні «Жас Сарбаз» және «Жас Сақшы» сыныптарының ант қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты ж
17-12-2025 09:35
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жобаларын іске асыру мақсатында 2025 жылдың 11-желтоқсан күні «Жас Сарбаз» және «Жас Сақшы» сыныптарының ант қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға №53898, № 44804-Б әскери бөлімдерінің офицерлері, Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері, ардагерлер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жас сарбаздардан, Жас Сақшылардан ант қабылдау рәсімін №53898 әскери бөлімінің офицері, майор Төлендинов Берік Ерланұлы және 44803 - Б әскери бөлімі командирі тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Нурмаков Тойбек Сабыржанұлы және Балқаш қаласы Полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Қоразбаев Нұрлыжан Айтмағамбетұлы және аға лейтенант Накен Елжас Рысбекұлы атқарады.
Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтқан жас сарбаздар жылда дәстүр бойынша Туға тағзым етеді. Туға тағзым жасау рәсімін оқу озаты - Таженов Назар орындады.
Мектеп директоры Ж.К. Жетписбаева құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар жас сарбаздарға әскери шен атағын тапсырды.
Ант қабылдау рәсімінен кейін салтанатты шерумен өтіп, өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті. Бүгінгі күн мектеп өміріндегі патриоттық-мәдени бағытты айшықтап, тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды.
@karlygash_dsh @umckrg @balqash_qbb