2025 жылдың 08 желтоқсанында Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығының ашыл
11-12-2025 09:19
2025 жылдың 08 желтоқсанында Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығының ашылу салтанаты өтті.
Шараның мақсаты – оқушылардың тарихи білімін тереңдету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отаншылдық рухты нығайту. Тарих пәнінің мұғалімі Г.М. Бакирова апталықтың іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Жиын барысында оқушылар желтоқсан оқиғасына арналған ақпараттық көрініс көрсетіп, биылғы мерейтой иелері Б.Момышұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, Ш.Уәлиханов бейнелерін сахналап, олардың тағылымды ойларын жеткізді.
@umckrg @balqash_qbb @karlygash_dsh #тарихтолқынында