1-3 сыныптар арасында «Менің отбасымның, мектебімнің, елімнің тарихы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға отбасылық құндылықтарды, мектептің қалыптасу тарихын және ел тарихының маңызды кезеңдерін таныстыру, тарихи сананы қалыптастырып,
1-3 сыныптар арасында «Менің отбасымның, мектебімнің, елімнің тарихы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға отбасылық құндылықтарды, мектептің қалыптасу тарихын және ел тарихының маңызды кезеңдерін таныстыру, тарихи сананы қалыптастырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар өз отбасылары туралы мәліметтер ұсынып, мектеп тарихына қатысты деректермен танысты. Сонымен бірге Қазақстан тарихындағы негізгі оқиғалар талқыланып, тарихи тұлғалардың еңбегі айтылды. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін білдірді.