Размер шрифта:
2025 жылғы 24 қараша күні «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ ұйымдастыруымен «Инженерлік старт» атты жобалық конкурс өтті. Байқау техникалық бағыттағы шығармашылықты дамытуға және инженерлік саланы насихаттауға бағытталған. Байқау екі
24-11-2025 16:27
2025 жылғы 24 қараша күні «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ ұйымдастыруымен «Инженерлік старт» атты жобалық конкурс өтті. Байқау техникалық бағыттағы шығармашылықты дамытуға және инженерлік саланы насихаттауға бағытталған.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
І кезеңде – «Қазақмыс» корпорациясы туралы бейнематериал дайындау және ұсыну тапсырмасы бойынша 9Б сынып оқушысы Дарханқызы Сымбат үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынға ие болды.
II кезеңде – ұсынылған сызба негізінде технологиялық жабдықтың макетін құрып, оны сәтті қорғаған 9А сынып оқушылары Данияр Мади мен Тулебаев Амандық жүлделі I орынға ие болып, оқушыларымыз бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Құттықтаймыз            </div>
                        <div class=